Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

COVID-19 кезеңіндегі Қазақстандағы көші-қон жағдайын талқылау бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз

Қазақстан-Неміс Университеті мен Фридрих Эберт атындағы қор Сіздерді 2020 жылғы 12 қарашада өтетін «Covid 19 кезеңіндегі Қазақстандағы көші-қон жағдайы: мәселелері мен шешу жолдары» атты офлайн/онлайн дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Ұйымдастырушылары:

  • Қазақстан-Неміс Университеті (DKU);

  • Фридрих Эберт атындағы қор.

Өткізу күні: 12 қараша 2020 ж., сағат 17.00-де.

Өткізу форматы: офлайн/онлайн ZOOM алаңында.

Офлайн форматына қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

  • Карантиндік лимит 10 адам. Кіру тек қана алдын ала тіркелу бойынша.

  • Офлайн форматына қатысу бойынша тіркелу үшін мына нөмір бойынша хабарласыңыз: +7 777 397 11 27.

Онлайн форматына қатысу үшін:

  • ZOOM платформасы. Конференция идентификаторы: 846 8448 4087.

Немесе Қазақстан-Неміс Университетінің Facebook-тегі парақшасында тікелей көрсетілімге қосыла аласыз: https://www.facebook.com/DKUKZ.


Қазақстан үшін мигранттарды біріктіру мәселесі өзекті мәселе болып табылады, өйткені 2000-шы жылдардың басынан бастап еліміз Орталық Азия республикаларынан келген еңбек мигранттары үшін тартымды болды. Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2017−2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы ел шеңберінде халықты оңтайлы қоныстандыруды реттеу, этникалық және еңбек көші-қонын басқару мәселелеріне шоғырланады. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және демографиялық дамуының күтілетін перспективаларымен, сыртқы саясатпен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестермен және жаһанданудың жалпы әлемдік үрдістерімен өзара байланыста Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын айқындайды.

Алайда коронавирустық пандемия мен елде жарияланған карантин Тұжырымдаманы жүзеге асыруға түзетулер енгізіп, мигранттардың өмірін қиындатты. Шекаралардың жабылуы және
өзін-өзі оқшаулау режимі көптеген мигранттарды шет елде көшеде қалдырды. Пандемия кезінде мигранттар ең осал санаттардың біріне айналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты жаңа инклюзивті жағдайларды талқылау, Қазақстандағы ішкі және сыртқы мигранттардың өмірін жақсарту бойынша бірлескен ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерін талқылауға тарту болып табылады.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланады:

  • Қазір Қазақстандағы көші-қон жағдайы қандай?

  • Еңбек мигранттарының өмірі мен еңбек жағдайларын жақсартуда ҮЕҰ рөлі қандай?

  • Көшіп-қонушылардың проблемаларын шешу бойынша билік органдарымен өзара іс-қимыл қалай жүріп жатыр?

  • Қазақстанда еңбек мигранттары қандай қиындықтарға тап болады?

  • 2017 жылы қабылданған Көші-қон саясатының тұжырымдамасы қалай іске асырылуда?

  • Коронавирустық пандемия көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру стратегиясына қандай түзетулер енгізді?

Кәсіби модераторлар дөңгелек үстел бойы талқылаудың келесі аспектілерін назарда ұстайтын болады:

  • карантин жағдайында мигранттарға көрсетілетін қолдау туралы ҮЕҰ өкілдерінің пікірлері,

  • Қазақстанда көші-қон саясаты тұжырымдамасының қазір қалай іске асырылып жатқаны туралы сарапшылардың пікірлері,

  • мигранттардың өз құқықтарын қорғауда қандай қиындықтарға тап болғандығы туралы пікірлері.

Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде шақыру жоспарлануда:

  • мигрнттарға байланысты мәселелерді жетекшілік ететін әкімдіктердің өкілдері,

  • мигранттар проблемаларымен айналысатын Қазақстанның ЕПО өкілдері,

  • Қазақстандағы көші-қон жағдайын зерттеумен айналысатын DKU зерттеушілері,

  • Қазақстандағы мигранттар қауымдастығының өкілдері.

Сіздерді біздің дөңгелек үстелімізде көруге қуанышты боламыз!

Дөңгелек үстелге қатысу үшін тіркелуге сілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdE1mQs5nDs9JWoafYq5fi7bXXaR-YX1Tk1oOTHt4-zxm6PwA/viewform?usp=sf_link

Бөлісу