Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU студенттері «Сиреневый PRорыв. PR-фокус 2022» байқауында 2-ші орын алды

2022 жылдың 15 сәуірінде «Сиреневый PRорыв. PR-фокус 2022: стратегиялар, арналар, құралдар!» ХIХ халықаралық студенттік PR-конференциясы өтті.

DKU студенттері Наталья Алымова мен Теміртас Искандер FUTUR-A жобасымен Әлеуметтік PR секциясында 2 орынға ие болды. Жоба жетекшісі экономика және кәсіпкерлік факультетінің оқытушысы, Қазақстан-Неміс университетінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Наталья Брославская болды.


Айта кететін жәйт, шараға Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олар өз жобаларын келесі бағыттар бойынша ұсынды:

  • Бизнес PR
  • Әлеуметтік PR
  • Digital PR

Жұмыстарды PR-клуб мүшелері, қоғаммен байланыс саласындағы мамандар бағалады.


Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы жобаларда сәттілік тілейміз!

Бөлісу