Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU студенттері арасындағы үздік бизнес-идея байқауының нәтижелері

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Біз студенттер арасындағы үздік бизнес-идеяға арналған конкурстың нәтижелері туралы хабарлауға қуаныштымыз. Байқауға қызықты, ауқымды және серпінді жобалар ұсынылды. Байқаудың 1 және 2 кезеңдерінің барлық қатысушыларына алғыс айтамыз.

Екінші кезең питч-сессия форматында 2020 жылғы 28 желтоқсанда өтті және конкурс жеңімпаздарын таңдау үшін шешуші болды.

Екінші кезеңге біздің студенттердің 6 жобасы қатысты:

  • «ALLTEZ» жобасы — студенттер Семенова Полина (2 TL), Скандиров Исмаил (2 TL) және Турсунбеков Арсен (2 TL) командасы ұсынды.
  • «HeartLand» жобасы — студенттер Гусейнов Элданиз (4 ХҚ) және Кабжанов Адиль (3 EET) қатысты.
  • «BALALA» жобасы — студент Айтбеков Санжар ұсынды (1 фин.).
  • «Eco Office» жобасы — студент Актурин Али ұсынды (1 марк.).
  • «UniWear» жобасы — студенттер Бегалинов Темірлан (3 мен.), Кензин Тимур (3 марк.), Ким Даниил (3 марк.), Абдиев Рустам (3 марк.) қатысты.
  • «Glukie» жобасы — студент Окапова Дамеля ұсынды (2 ТЛ).

Питч-сессия және жобаларды таныстыру нәтижелері бойынша жеңімпаздар үштігі анықталды:

  • 1 орын — Gluki жобасы.
  • 2 орын — Eco-Office жобасы.
  • 3 орын — UniWear жобасы.

Барлық қатысушыларды, финалистер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Байқаудың барлық қатысушылары 2021 жылдың жазғы семестрінде DKU-да V.P. Group және KBTU Business Incubator серіктестерімен ынтымақтастықта ақысыз негізде өтетін «Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік» элективті курсының қатысушылары болады, ал алғашқы үш жеңімпаз ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Марапаттау рәсімі жаңа жылдан кейін өтеді. Финалдың барлық қатысушыларына электрондық пошта арқылы күні мен уақыты туралы хабарланады.

Бөлісу