DKU Халықаралық виртуалды конференциясына қатысуға шақырамыз, 23−24.04.2021
Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық виртуалды конференциясы
COVID-19 аясындағы Орталық Азиядағы тұрақты даму: ықпалы мен алға жылжу жолы
Қазақстан-Неміс университеті барлық қызығушылық танытқан қазақстандық және шетелдік ғалымдарды, ЖОО оқытушыларын, докторанттар мен мамандарды 2021 жылғы 23−24 сәуірде Zoom платформасында өтетін «COVID-19 аясындағы Орталық Азиядағы тұрақты даму: ықпалы мен алға жылжу жолы» атты Халықаралық виртуалды конференцияға қатысуға шақырады.
ҚНУ/DKU конференциясы 2030 жылға қарай Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу мүмкіндігіне пандемияның әсері мәселесін зерттеуге арналады. Бұл тақырыпты таңдау кездейсоқ емес, өйткені Орталық Азиядағы COVID-19 туындаған экономикалық құлдырау аймақтың болашағы үшін алаңдаушылық тудырады. Атап айтқанда, пандемия дағдарыстың кедейлік пен жұмыссыздықтың өсуімен, денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігімен, білім деңгейінің төмендеуімен және аймақтық ынтымақтастықтың болмауымен бірге жүретінін көрсетті.
-
COVID-19-дан кейін аймақты қалпына келтірудің әлеуетті траекториялары қандай және Орталық Азия елдері дағдарыстың салдарын қалай азайта алады?
-
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндірмеу үшін Орталық Азия мемлекеттері қандай стратегияларды қабылдауы тиіс?
-
Тұрақты даму үшін шекаралық ынтымақтастықты қалай күшейтуге болады?
-
Болашақта мүмкін болатын пандемиядан тұрақты даму қажеттілігі мен қауіптерді қалай теңестіруге болады?
ҚНУ/DKU осы конференциясы осы және басқа да байланысты сұрақтарға жауап беруге арналған. Әр түрлі академиялық пәндер мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы диалог арқылы конференцияда COVID-19 аймаққа қалай әсер еткені және аймақ елдері 2030 жылға қарай ТДМ-ға (тұрақты даму мақсаттарына) жету қабілетіне дағдарыстың әсерін азайтуға дайын ба деген баға беріледі.
Секциялар мен панельдерге шолу:
- Қоршаған орта және климат өзгеруі
Табиғи ресурстар және консервация
Қоршаған орта және экология
Тұрақты қалалар және қоғамдастық
Жасыл экономика және жаңартылатын энергия көздері
- Экономика және теңсіздік
Экономикалық өсу және кедейлік
Тұрақты өндіріс және тұтыну
Ауыл шаруашылығы және ауылдық жерлерді дамыту
Индустрия және инновациялар
- Басқару, мемлекет және саясат
Адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдігі
Саяси институттар
Этникалық және әлеуметтік азшылықтар
Қалалардың дамуы және көші-қон
- Әлеуметтік динамика
Пандемия және денсаулық сақтау жүйесі
Діни даму және зайырлылық серпіні
Ғылым және білім
Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық
Сонымен қатар, конференция панельдік баяндамаларды, дөңгелек үстелдегі талқылауларды және виртуалды көрмелерді қамтиды.
Абстракттарды ұсыну бойынша нұсқаулық:
Барлық мүдделі кандидаттар өз тезистерін 350 сөзден аспайтын көлемде 2021 жылғы 01 наурыздан кешіктірмей ұсына алады. Дизайн ережелері төменде көрсетілген.
Абстракт келесі ақпаратты қамтуы керек:
- Баяндама атауы
- Автордың (-лардың) аты-жөні
- Жұмыс орны
- Лауазымы және ғылыми атағы
- Электрондық мекенжайы
- Конференция баяндамаларының жинағына енгізу үшін мақаланың қысқаша мазмұны
Мақалаларды рәсімдеу ережелері:
- Нақты құрылымдалуы тиіс (кіріспе, негізгі мәтін және қорытынды).
- Жеке зерттеу нәтижелерін көрсетуі керек.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында болуы керек.
- Мәтіндегі барлық сілтемелер парақтың төменгі жағында ескертулермен берілуі керек.
- Авторларға дәйексөз мен сілтемелер үшін MLA стилін қолдануға кеңес беріледі.
Баяндамаларды қабылдап, іріктегеннен кейін барлық шақырылған баяндамашыларға өтінімде көрсетілген тақырып бойынша өз мақалаларын ұсыну ұсынылатын болады. Төменде мақалаларды ұсынудың соңғы мерзімі көрсетілген. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе жоғарыда көрсетілген өтінім беру ережелеріне сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.
Мақалаларды рәсімдеу бойынша нұсқаулық:
- Максималды өлшем. Қосымшалар мен сілтемелерді қоспағанда, 6000 сөз.
- TimesNewRoman қарпі
- Қаріп өлшемі 12
- 1.5 жол аралығы
Конференция тілі:
Конференция тілдері: ағылшын, орыс және қазақ. Конференция барысындағы пікірталастар мен талқылаулардың тиімділігі мақсатында Ұйымдастыру комитеті панелдерді жұмыс тілдері бойынша «тек қана ағылшын», «тек орыс» және «тек қазақ" деп бөлу құқығын өзіне қалдырады. Мақалалар барлық үш тілде қабылданады. Қазақ тіліндегі мақалалар үшін авторларға аннотацияларды ағылшын немесе орыс тілдерінде қосымша жіберу ұсынылады.
Негізгі күндер:
Қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі: 10 наурыз 2021 ж.
Іріктелген қатысушыларды хабардар ету: 15 наурыз 2021 ж.
Мақалаларды берудің соңғы мерзімі: 12 сәуір 2021 ж.
Конференция бағдарламасын тіркеу және жариялау: 19 сәуір 2021 ж.
Конференцияны өткізу күні: 23−24 сәуір 2021 ж.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті:
С.ғ.д-ры Бейменбетов Серик, ҚНУ/DKU Әлемдік саясат факультеті
инж.ғ.д-ры Тюлюбаева Динара, ҚНУ/DKU Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті
С.ғ.д-ры Себастьян Майер, ҚНУ/DKU Әлемдік саясат факультеті
Э.ғ.д-ры, проф. Байбулекова Ляйля, ҚНУ/DKU Экономика және кәсіпкерлік факультеті
С.ғ.к., доцент, Петренко Светлана, ҚНУ/DKU Әлемдік саясат факультеті
Байланыс үшін ақпарат: conference2021@dku.kz