Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU XIV Халықаралық студенттік конференцияға қатысуға шақырады

Қазақстан-Неміс Университеті 2022 жылдың 1-шы сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XIV Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны өткізеді.

Конференция мақсаты — жаһандық оқиғалардың барлық аспектілері және олардың Орталық Азияға әсері туралы студенттердің ағымдағы зерттеулерін ұсыну, талқылау және ілгерілету.

Конференция сұрақтары:

  • Орталық Азия мемлекеттерінде қалыптасқан экономикалық жэне әлеуметтік-саяси жағдайлардың салдарынан осы мемлекеттерде тұрақты жэне қарқынды даму болашағын қарастыруға болады ма?

  • Мемлекеттің даму стратегиясы жаһандық бэсекелестік пен аймақтық күштерге байланысты қандай болуы қажет?

  • Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан қарқынды даму үшін қандай мүмкіншіліктерге ие?

Конференция секциялары:

Секция I «Қазіргі жағдайдағы халықаралық қатынастар: жаңа мүмкіндіктер мен шектеулер».

Жауапты: Иманбекова Альфия — PhD, доцент
Байланыстар: imanbekova@dku.kz

Секция II «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі экономикасының өзекті мәселелері".

Жауапты: Першина Ирина, аға оқытушы
Байланыстар: pershina@dku.kz

Секция III «Логистика және жеткізу тізбегін басқарудың трансформациясы».

Жауапты: Аримбекова Перизат, доцент
Байланыстар: arimbekova@dku.kz

Секция IV «Өндірістегі, ғылымдағы және бизнестегі сандық технологиялар».

Жауапты: Жантлеуова Асель — магистр, аға оқытушы
Байланыстар: zhantleuova@dku.kz

Секция V «Жасыл технологиялар және тұрақты даму».

Жауапты: Шавдинова Мадина — магистр, аға оқытушы
Байланыстар: shavdinova@dku.kz

Секция VI «Пандемия толқыны кезіндегі білім саласындағы өзгерістер: қиындықтар, шешімдер, қорытындылар және тәжірибе».

Жауапты: Басанова Сандугаш, магистр, аға оқытушы
Байланыстар: raiymkhanova@dku.kz


Конференция онлайн-форматта өтеді (платформаға сілтеме қатысушыларға өтінімдерді өңдегеннен кейін жіберіледі) және Алматы уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.

Қатысу түрі: Секциялық отырыста баяндама жасау. Конференцияға қатысу, баяндама жасау және ғылыми еңбектерді жариялау тегін.

Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, немісше.


Тіркеу түрі мен абстрактыны қабылдау: конференцияға қатысу үшін тіркеу түрін толтыру керек (І қосымша). Тіркеу түрі мен абстракт баяндама тілінде 2022 жылдың 07 наурызына дейін өткізілуі керек. Абстракт конференция мақсатына, жұмыс бағытына және баяндама тақырыбына сай болуы керек.

Іріктеу: 2022 жылдың 07 — 12 наурыз аралығына дейін.

Қатысушыларға жауап: 2022 жылдың 12 — 25 наурыз аралығында беріледі.


Абстракт көлемі 250−300 сөзден аспай, жұмыстың қысқа мазмұнын ашу керек. Абстракт құрылымы: зерттеу мақсаты, гипотеза, әдістеме, зерттеу жаңалығы, өздік жұмыс дәрежесі, зерттеу нәтижелерін практиқалық қолдану аймақтары, қорытынды.

Конкурстық комиссия отырысының нәтижесінде әрбір секция бойынша үздік жұмыстар іріктеледі. Үздік жұмыстар конференцияда баяндалады және ғылыми еңбектер жинағында жарияланады. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификат табысталады.

Конференцияға қатысу үшін толтырылған тіркеу түрі мен абстракты (І қосымша) баяндама тілінде 2022 жылдың 07 наурызына дейін өткізу керек.

Жариялауға ұсынылған баяндамалар мақала түрінде 2022 жылдың 25 наурызына дейін секция бойынша жауаптыларға (секция координаторларына) жіберілуі керек. Мақала ІІ қосымшада көрсетілген талаптарға сай рәсімделу керек.


Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөлімінің басқарушысы, т.ғ.к., доцент Тюлюбаева Динара Мұратбекқызына хабарласыңыздар. Байланыс түрі: tyulyubayeva@dku.kz, +7 (727)3550551 (ішкі № 231).

Бөлісу