Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU grassroots in the city: urban activism in Central Asia зерттеуіне қатысуға шақырады

Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті Grassroots in the city: urban activism in Central Asia зерттеу жобасын жүргізу үшін ұлттық сарапшыларды іздеуде.

Жоба посткеңестік кеңістіктегі Орталық Азиядағы неолибералды қалалық қайта құрылымдауға қарсы қалалық жұмылдырудың нысандарын, акторлары мен жолдарын, сондай-ақ оның аймақ үшін саяси, әлеуметтік және мәдени салдарын зерттейді. Ұлттық сарапшы өз елінде жоба бойынша зерттеудің орындалуын және аяқталуын қамтамасыз етеді.

Қаржыландыру мөлшеріне байланысты ұлттық сарапшының рөлі келесідей болады:

  • Презентациялар мен жарияланымдарда пайдалану үшін өз еліндегі деректерді жинауды, жүргізуді, талдауды және түсіндіруді бақылау және басқару.
  • Жоба үйлестірушісіне, Қазақстан-Неміс университетіне жобаның орындалу барысы туралы кестелер, диаграммалар, графиктер мен есептерді және оның аяқталуы бойынша қорытынды есепті жасауға, талдауға, түсіндіруге, жинақтауға, форматтауға, редакциялауға және дайындауға көмек.
  • Жұмыс және саяси құжаттарды дайындауда жоба үйлестірушісіне көмек.
  • Жобаның мақсаттарына сәйкес өз елінде бюджет пен жабдықтар мен басқа да материалдарды сатып алуды басқару.
  • Жоба үйлестірушісіне қаржылық құжаттардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету.
  • Ғылыми ассистент жұмысын оқыту, басқару, міндеттерді бөлу және бақылау.
  • Жобаға байланысты семинарлар мен конференцияларға қатысу.

Ұлттық сарапшыларға қойылатын талаптар:

  • Кем дегенде, магистр дәрежесі, бірақ саясаттану, әлеуметтану немесе антропология саласындағы PhD дәрежесіне артықшылық беріледі.
  • Жоба тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар (мысалы, урбанистика (қалатану), азаматтық белсенділік, азаматтық қоғам, қоғамдық қозғалыстар).
  • Бұрынғы ғылыми жобаларды жүргізу және зерттеу тобын басқару тәжірибесі.
  • Орыс және ағылшын тілдерін білу. Жергілікті тілді білу артықшылық болып табылады.

Соңғы қабылдау мезімі — 24 сәуір 2022 жыл.
Қызығушылық танытқан үміткерлер түйіндеме мен ілеспе хатты beimenbetov@dku.kz электронды поштасына жіберуі қажет.


Қазақстан-Неміс университеті тең мүмкіндіктер принципін ұстанады және кемсітушіліктің болмауына кепілдік береді. Жобаға қатысу туралы барлық шешімдер үміткерлердің біліктілігі негізінде қабылданады.

Бөлісу