Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU қызметкерлері «Көшпенділер» трилогиясының жарыққа шығуына арналған көрменің ашылуына қатысты

2021 жылғы 22 қазанда Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұражайында «Көшпенділер» трилогиясының жарыққа шыққанына 50 жыл толуына орай «Көшпенділер трилогиясы-тәуелсіздіктің жаршысы» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрме Ілияс Есенберлин Қорымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Жиынға еңбек сіңірген ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері ғана емес, Ілияс Есенберлиннің туған-туыстары да қатысты.

Олжас Сүлейменов өз сөзінде Ілияс Есенберлин туралы естеліктерімен бөлісті. Ал Дильфруза Ілиясқызы, Раушан Ілиясқызы, Қозы-Көрпеш Ілиясұлының балалары әкелерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Сонымен қатар, аталған іс-шараға Қазақстан-Неміс университетінің қызметкерлері де қатысты. Айта кететін жәйт, 2021 жылдың 13 наурызында DKU Talks пікірталас алаңында «Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы» атты кездесу өтті.

Жазбамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=ZK9w1p2-P-c&list=PLcOGO8DGiL5mo2YBrNp_efwTTMTikWt0n&index=6

Көрме 2021 жылдың қараша айының соңына дейін орталық мемлекеттік мұражайда өтеді, Қызыл зал, 4 қабат.

Баршаңызды Ілияс Есенберлиннің өмірімен және шығармашылығымен танысуға және жазушының керемет шығармаларына қайта оралуға шақырамыз.

Бөлісу

Fatal error: Uncaught yii\web\HeadersAlreadySentException: Headers already sent in /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php on line 414. in /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php:366 Stack trace: #0 /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php(339): yii\web\Response->sendHeaders() #1 /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/ErrorHandler.php(135): yii\web\Response->send() #2 /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/base/ErrorHandler.php(262): yii\web\ErrorHandler->renderException(Object(yii\base\ErrorException)) #3 [internal function]: yii\base\ErrorHandler->handleFatalError() #4 {main} thrown in /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php on line 366