Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU ректоры лауазымына конкурстық тағайындау туралы хабарлаймыз

Қазақстан-Неміс Университетінің ректоры лауазымына бос орынның сипаттамасы

Міндеттері:

1. ҚНУ/DKU-дың ғылыми және оқу-әдістемелік қызметіне басшылықты жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде қабылданатын шешімдер үшін жауапты болады.

2. Басқа ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынаста ҚНУ/DKU атынан әрекет етеді. Президент берген сенімхат негізінде ҚНУ/DKU шарттарға қол қояды және өзге де мәмілелер жасайды.

3. Мекеменің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға ықпал етеді.

4. ҚНУ/DKU профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамының мүшелерін Президентке бекітуге ұсынады.

5. Оқу процесін ұйымдастырады.

6. ҚНУ/DKU-дың оқу-әдістемелік қызметіне байланысты құжаттарды дайындауға және ҚНУ/DKU Президентіне бекітуге ұсынуға жауапты.

7. ҚНУ/DKU Жарғысымен ҚНУ/DKU Президентінің құзыретіне жатқызылмаған оқу-әдістемелік қызметтің барлық мәселелерін шешеді.

8. Өзінің құзыретіне жатқызылған құжаттарға қол қоюға құқығы бар.

9. ҚНУ/DKU ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмысын басқарады.

10. Ғылыми кеңестің жұмысына басшылық жасайды және оның отырыстарына төрағалық етеді.

11. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

12. Мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру бағдарламаларын бекітеді.

ҚНУ/DKU Прездинтімен бірлесе:

13. ҚНУ/DKU-дың мақсаттары мен даму стратегиясын анықтайды.

14. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін әлеуметтік басымдықтар мен ел экономикасындағы мамандарға қажеттілікті ескере отырып, білім беру және ғылыми процесті жетілдіруге бағыттайды.

15. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында білім беру, ғылыми және тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін, жоғары білімді дамыту саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ҚНУ/DKU материалдық-техникалық базасының деңгейін қамтамасыз етеді.

16. Жаңа техника мен технологияларды пайдалану саласындағы соңғы жетістіктер, білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибе, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын пайдалану, ҚНУ/DKU материалдық және техникалық ресурстарын жұмсау мен ұтымды пайдаланудың негізделген нормалары негізінде ЖОО-ны басқаруды ұйымдастырады.

17. Мамандар даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарымен, аралас білім беру мекемелерімен ғылыми байланысты ұйымдастырады.

18. Білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдайды.

19. Мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мекеменің профессорлық-оқытушылық құрамы мен өзге де санаттағы қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттыруды жүргізу бойынша шаралар қабылдайды.

20. Кәсіби білімді пайдалану және дамыту сонымен қатар, тәжірибе алмасу бойынша шараларды қамтамасыз етеді.

21. Өзіне берілген құқықтар шегінде ҚНУ/DKU-дың қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, ЖОО қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды тұлғаларға — проректорларға (орынбасарларға), құрылымдық бөлімшелердің, сондай-ақ функционалдық және әкімшілік бөлімшелердің басшыларына тапсырады.

22. ҚНУ/DKU білім беру қызметінің саласын қолдау және кеңейту мақсатында білім берудің инновациялық технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

Талаптар:

Ректор лауазымына жеке тұлға таңдалады:

  • Қазақстан Республикасы азаматтығы;
  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • Ғылыми дәрежесінің болуы;
  • Білім беру ұйымдарында және/немесе басқару органдарында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
  • Неміс тілін білу міндетті (С1-ден төмен емес).
  • Еркін келіссөздер деңгейінде неміс / ағылшын тілдерін білу.

Шарттар:

  • Қала орталығында орналасқан ыңғайлы кеңсе;
  • Пікірлестердің тату және жылы ұжымы;
  • Корпоративтік іс-шаралар;
  • Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, 5/2;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу;
  • Ұзақтығы 6 ай сынақ мерзімі;
  • Ақылы еңбек демалысы-30 күнтізбелік күн;
  • МӘМС бойынша әлеуметтік аударымдар.

Егер сіз осы лауазымға қызығушылық танытсаңыз, hr@dku.kz электронды мекенжайына жалақының болжамды ауқымын көрсете отырып, орыс, ағылшын немесе неміс тілдеріндегі түйіндемені қоса отырып, ілеспе хат жіберіңіз.

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2021 жылғы 28 мамыр.

Бөлісу