DKU-да «Қытай Коммунистік партиясына 100 жыл — күрес және жеңіс жылдары» кітабының тұсаукесері өтті
Алматы қ., 28 қыркүйек 2021 жыл
Қазақстан-Неміс Университетінде «Қытай Коммунистік партиясына 100 жыл — күрес және жеңіс жылдары» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Редакторы — Болат Қылышбайұлы Сұлтанов.
Іс-шараға қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ «Бір белдеу және бір жол» сарапшылар клубының мүшелері қатысты. Қазақстан-Неміс университетінің президенті, доктор Габриеле Штаунер және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы — Цзян Вэй ханым құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөздерінде олар Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ профессор Болат Қылышбайұлына «Қытай Коммунистік партиясына 100 жыл — күрес және жеңіс жылдары» конференциясы материалдарының жинағын дайындау және басып шығарудағы еңбегі үшін алғыс айтты.
Кітаптың тұсаукесері аясындағы талқылауға қатысушылар:
-
Хафизова Клара Шайсултановна — проф., ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері.
-
Кожирова Светлана Басиевна — проф., «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің Қытай және азиялық зерттеулер орталығының жетекшісі.
-
Каукенова Татьяна Владимировна — «China Center» Қытай зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы.
-
Бугаенко Антон Борисович — тәуелсіз сарапшы.
-
Булуктаев Юрий Очирович — ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері.
-
Жүсіпов Бахыт Сайлаубаевич - Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы.
Жинақтың авторы Болат Сұлтанов — DKU жанындағы Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институты директоры, профессор, саяси және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, бұл жинақ 2021 жылғы 2 маусымда Алматыда өткен «Қытай Коммунистік партиясына 100 жыл — күрес және жеңіс жылдары» ғылыми конференциясының баяндамалары негізінде дайындалғанын атап өтті. Конференцияның ұйымдастырушысы «Бір белдеу және бір жол» сарапшылар клубы Қазақстан-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институты және Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірге.
Тарихи фактологиялық анықтама:
100 жыл бұрын, 1921 жылғы жазда Шанхайда әлемдік маңызы бар ең үлкен оқиға болды — Қытай Коммунистік партиясының құрылтай съезі өтті, ол социализм мен коммунизмді құруды мақсат етті. Қазіргі уақытта социалистік нарықтық экономика теориясын қабылдаған Қытай Коммунистік партиясы Қытай ерекшелігімен социализм салуды жүзеге асыруда. Нәтижесінде, Коммунистік партияның басшылығымен Қытай кедей және артта қалған елден әлемдегі жетекші елдердің біріне, әлемдегі екінші үлкен экономикаға, жаһандық экономикалық өсудің негізгі қозғалтқыштарының біріне айналды.
«Бір белдеу және бір жол» сарапшылар клубы 2017 жылғы 28 қарашада Қытай тарихын, Қазақстан-Қытай қатынастарын, халықаралық және өңірлік ынтымақтастық проблемаларын зерделеумен айналысатын қазақстандық ғалымдар мен сарапшылардың, сондай-ақ Алматы жоғары оқу орындары оқытушыларының бастамасы бойынша құрылды. Клубтың негізгі мақсаттары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын тереңдетуге, «Бір белдеу және бір жол» бастамасын табысты жүзеге асыруға, қазақстандық «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасын Жібек жолының экономикалық белдеуі тұжырымдамасымен ұштастыруға жәрдемдесу болып табылады.