DKU-да Қазақстандағы ақша жүйесі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
DKU-да «Қазақстан Республикасының Ақша жүйесі: тарихы, мәселелері және жетілдіру жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушы — DKU экономика және кәсіпкерлік факультеті. Кездесу аясында ақша нарығының жұмыс істеуі, Қазақстанның ақша-кредит саясаты және т.б. мәселелер қозғалды.
Дөңгелек үстелдің спикерлері мен баяндамалары:
- Ақша нарығының қызметі мен реттелуі. Альмереков Н.А. э.ғ.д., профессор, DKU
- Экономика ғылымындағы ақша мен несие мәселелері. Зиябеков Б., э.ғ.д., профессор, DKU
- Инфляциялық таргеттеу және Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмі. Челекбай А.Д., э.ғ.д., профессор, «Қайнар» академиясы
- Ақша-несие саясаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рөлі туралы. Нұрсейіт Н.А., э.ғ.д., профессор, KAU
- Валюталық бағам режимдері және олардың детерминанттары. Сайлаубеков Н.Т., э.ғ.д., профессор, DKU
- «Ақша және биг дата». Комбаров Саян, қаржы директор «Эковатт» ЖШС
- Банктік маркетингтегі цифрлық трендтер. Каргабаева С.Т., э.ғ.к., доцент, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
- Сандық және сапалық талдаулар негізінде Home Credit Bank АҚ ЕБ төлем қабілеттілігі мен өтімділігін бағалау. Жұманова Г. Д., «Қаржы» БББ 1 курс магистранты, DKU
- Қазақстандық сақтандыру нарығы: талдау және даму болашағы. Бойко А.А., «Қаржы» БББ 1 курс магистранты, DKU
- Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау. Балғынов Кобей және Букетов Нұржан, «Қаржы» БББ 4 курс студенттері, DKU
- Рентабельділік көрсеткіштерінің блогы бойынша «Kazakhmys Copper» АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайын бағалау. Исабекова Ажар, «Менеджмент» БББ 4 курс студенті, DKU
Кездесу соңында спикерлерге сертификаттар табысталды. Дөңгелек үстелдің барлық қонақтарына алғыс айтамыз!
Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастырушыларға хабарласуыңызды сұраймыз:
Экономика және кәсіпкерлік факультеті: +7 727 355 05 51 (ішкі 220).
Бөлісу
Твитнуть
Бөлісу