ЕРТЕҢ КЕШ БОЛДЫ: Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары бойынша ұжымдық монография
ЕРТЕҢ КЕШ БОЛДЫ.
Бұл жарияланған ұжымдық монографияның атауы — Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары туралы ұжымдық монография жазуға арналған ғылыми жобаның нәтижесі.
Жоба Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының, сондай-ақ «ЛИВЕНЬ.Living Asia» онлайн эко-журналының қолдауымен Қазақстан-Неміс университетімен серіктестікте Досым Сәтпаевтың жеке Қорымен іске асырылды.
Қатысушылардың алдында экологиялық қауіптер мен өңір елдеріндегі саяси және экономикалық тұрақсыздық қатерлері арасындағы тікелей, сондай-ақ жанама байланысты көрсету мақсаты тұрды.
Жоба аясында шешім қабылдайтын тұлғалар мен ҮЕҰ-ға осы қауіптердің салдарын азайту немесе алдын алу бойынша ұсынымдарды талқылау және әзірлеу үшін негізгі мәселелер бойынша вебинарлар ұйымдастырылды. Кездесуге Орталық Азия елдерінің экологтары, демографтары, экономистері мен саясаттанушылары, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты.
- 19.12.2019 Кітаптың ықтимал авторларымен кіріспе дөңгелек үстел.
- 9.04.2020 Вебинар 1 «Таза су — сапалы өмір көзі".
- 21.04.2020 Вебинар 2 «Қазақстан климаттық жарыста қандай орын алады?»
- 30.04.2020 Вебинар 3 «Қазақстандағы жерлердің тозуы: қауіптер мен шешімдер»
- 12.05.2020 Вебинар 4 «Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы»
- 28.05.2020 Вебинар 5 «Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы циркулярлық тәсіл»
- 5.06.2020 Вебинар 6 «Қазақстан энергетикасының тұрақты дамуы»
- 30.06.2020 Вебинар 7 «Биоалуантүрлілік — Қазақстанның өркендеуінің негізі: сын-қатерлер мен шешімдер»
Айта кететін жәйт, алдағы уақытта Орталық Азияның барлық елдері үшін осындай кітаптар шығару жоспарланып отыр.
Кітап мына сілтеме бойнша қолжетімді:
http://www.academic-waters.org/ru/nauchno-issledovatelskij-proekt-po-napisaniyu-kollektivnoj-monog/
- Қазақ тілндегі нұсқасы:drive.google.com/file/d/1XuxAxBTpajpvKZXOk4SBLM5ZYBHUDVEs/view
- Орыс тіліндегі нұсқасы: https://drive.google.com/file/d/1L6iIWMDau6g3l6oD8SrlRCOFKDcBx3mw/view
Барлық сұрақтар бойынша:
- Жоба маманы Жамиля Даирова, j.dairova@dku.kz
- Жоба менеджері Мария Генина, genina@dku.kz