Алғыс айту күнімен құттықтайды
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан — Неміс университеті сіздерді шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтайды!
Бұл күні бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқан қарапайым халық пен әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы ауызбіршілікті, құрметті, достастықты және сыйластықты ерекше атап өтуіміз керек!
Алғыс айту мерекесі, көктемнің алғашқы күні 1 Наурызда аталып өтілуі де бекер емес. Бұл күні Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылған. Біздің ортақ үйіміз, Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісім — ең басты құндылық болып табылады. Бұл ұлт пен этносқа байланысты емес, әр қазақстандықтың жоғары мәдениеттілік пен даналығының нәтижесі. Сол үшін бір-бірімізге алғыс білдірейік!
Әр адам үшін күнделікті тіршілікте, жұмыста жылы алғыс сөз есту өте қажет. Айналамыздағы жандарға жақсы қарым-қатынас және мейірімді іс үшін алғыс білдіру — бұл маңызды қасиет.
Жанымыздағы адамдарға жиі алғыс білдіріп тұрайық. Қазақстанымыз гүлденіп, көркейе берсін. Барлықтарыңызға мың алғыс!