IMC Кремс қолданбалы ғылымдар университеті 2021 көктемгі маркетинг бағдарламасына қатысуға шақырады
Кремс қолданбалы ғылымдар университеті (Австрия) студенттерді 2021 жылдың 17−28 мамыр аралығында өтетін 2021 Көктемгі маркетингтік бағдарламасына қатысуға шақырады.
Бағдарлама қатысушылар үшін жоғары сапалы академиялық және мәдениетаралық тәжірибені ұсыну мақсатында әзірленген.
- Бағдарламаны сәтті аяқтағаны үшін: 6 ECTS кредит беріледі.
- Іс-шар тілі: ағылшын
- Кім қатыса алады: Экономика және кәсіпкерлік факультетінің студенттері
Студенттер бағдарлама бойынша оқу ақысын төлемейді. Алайда, бағдарлама қызметтері үшін ақы алынады, ол 515 еуроны құрайды.
Дедлайн: 21 ақпан 2021 ж.
Қызығушылық танытқан студенттер ағылшын тілінде түйіндеме мен мотивациялық хатты келесі электрондық пошталарға жіберуі керек: int_office@dku.kz, visa@dku.kz
Қосымша ақпаратты МЫНА ЖЕРДЕ немесе сілтеме бойынша таба алаыз:
https://www.fh-krems.ac.at/en/university/media-portal/events/marketing-spring-program-2021−2021−05−17/
Орындар саны шектеулі.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз: Елена, int_office@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz, 355−05−51 (ішкі 242).