Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Қазақстан-Неміс университетінің қызметкерлерінде бейжай қалтырған жоқ

Egemen Qazaqstan республикалық газетінде 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланды.

Бұл сұхбат Қазақстан-Неміс университетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессор-оқытушылар құрамының қызығушылығын тудырды.

Мемлекет басшысы өз сұхбатында өте маңызды тақырыптарды cөз етті: Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, еліміздің экономикалық, қоғамдық-саяси және әлеуметтік салаларындағы даму мақсаттары мен жолдарын егжей-тегжейлі баяндап, қаңтар айындағы оқиғалар туралы айтты.

Қазақстан-Неміс университетінің қызметкерлеріне, білім беру жүйесінің өкілдері ретінде Президенттің әлеуметтік-гуманитарлық саладағы бастамалары ерекше маңызды болып отыр. Президент басқа да өзекті және маңызды мәселелермен қатар халық үніне құлақ асатын мемлекет туралы, әлеуметтік лифтілер деп аталатындарды құру қажеттілігі, мықты азаматтық қоғам туралы айтты. Президент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Оның айтуынша, бұл мәселені шешуге көмектесетін арнайы заң әзірленуде.

Әрине, мұның бәрі еліміздің барлық азаматтарының көңілінен шығатыны айқын.

Қазақстан-Неміс университетінің ұжымы Президенттің саяси жүйені демократияландыру, қоғамдық өмірді либерализациялау, Жаңа әділ Қазақстан атынан азаматтық қоғам құру бағытын қолдайды.

Бөлісу