Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

JTI Kazakhstan компаниясының MAKE IT BRIGHT тағылымдамадан өту бағдарламасы

JTI Kazakhstan компаниясы студенттер мен түлектерді MAKE IT BRIGHT тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

MAKE IT BRIGHT — JTI тағылымдамасының соңғы курс студенттеріне немесе 2020−2022 жж. түлектеріне арналған бағдарламасы

Бүгінде бағдарлама әлемнің 35-тен астам елінде жұмыс істейді. MAKE IT BRIGHT жаһандық FMCG-компаниясының нақты бизнес-жобаларына енуге, тәжірибелі менторлардың басшылығымен түйінді дағдыларды дамытуға және JTI-де табысты мансап құру мүмкіндігін алуға бірегей мүмкіндік береді.

Бағдарлама 2022 жылдың жазында басталып, 12 айға созылады.

Тағылымдамадан компанияның келесі бөлімшелерінде өтуге болады:

  • Көліктік логистика және кедендік процестер бөлімі.
  • Инженерлік бөлім.
  • Маркетинг бөлімі.
  • Қаржы бөлімі.
  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі.
  • Қызметкерлермен жұмыс бөлімі.
  • Key Account-тегі жобалар мен аналитикалық есептер бойынша сату бөлімі.

Шарттар мен талаптар туралы толығырақ МЫНА ЖЕРДЕН оқыңыз.


Тағылымдамадан өту бағдарламасы туралы толық ақпаратты Instagram-да алуға болады: @jti_kazakhstan және @jumpkz

Бөлісу