Медиация институтын дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз
Қазақстан-Неміс университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, «Парасат» медиа және құқық орталығы 2021 жылдың 30 қарашасында өтетін «Қазақстанда және жақын шетелдерде медиация институтын дамыту» тақырыбындағы халықаралық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты — Қазақстанда және жақын шет елдерде медиация институтын дамытудың негізгі бағыттарына шолу жасау және талдау, Қазақстан медиаторларының Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа елдердегі әріптестерімен ғылыми және практикалық ынтымақтастығының географиясын кеңейту.
Іс-шара шеңберінде жоспарлануда:
- Қазақстан мен таяу шет елдердің медиация спикерлерінің, сарапшыларының баяндамалары;
- Қазақстан мен таяу шет елдердің жетекші медиаторлары арасында бірлесіп ілгерілеу және ынтымақтастық мүмкіндігін талқылау.
Конференция тілдері: қазақ, орыс, неміс, ағылшын.
Zoom конференциясына мына сілтеме арқылы қосыла аласыз:
https://us02web.zoom.us/j/83056526689?pwd=cWF3ckhBZnhZVUpGa000VWV5SFg2Zz09
- Конференция идентификаторы: 830 5652 6689
- Қосылу коды: 891695
Барлық сұрақтар бойынша: eugeniayakusheva0105@mail.ru.