Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша студенттік олимпиада

Қазақстан Тұрақты даму мақсаттары бойынша студенттік олимпиада өткізілген бесінші ел болды. Іс-шара 2021 жылғы 22 және 23 сәуірде онлайн-форматта өтті.

Олимпиада мақсаттары:

№ 6, 7, 9 және 13 тұрақты даму мақсаттары саласындағы болашақ мамандар мен студенттердің әлеуетін арттыру және білімдерін тереңдету:

Мақсат 6: Барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Мақсат 7: Барлығына арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсат 9: Тұрақты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу.

Мақсат 13: Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау.

Олимпиада 3 секциядан тұрды:

  • Су ресурстарын бірігіп басқару,
  • Климаттың өзгеруі және таза энергия,
  • Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым.

Олимпиаданың бірінші кезеңіне Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 30 студент қатысты, олар үшін жазбаша тестілеу өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған қатысушылар екінші кезеңде қазылар алқасының мүшелерімен сұхбатқа шақырылды.

Олимпиада аясында сондай-ақ «Су күні" семинары өткізілді, бейнетрансляция жазбасын мына сілтеме бойынша көре аласыз:

https://www.facebook.com/1565619950340757/posts/3010486639187407/?d=n.

Олимпиада аяқталғаннан кейін оның барлық қатысушылары @dkukz магистранттарымен, сондай-ақ cay4w @cay4water су бойынша Орталық Азия жастар желісінің Ұлттық үйлестірушілері мен белсенділерімен бірге Есік көлінің маңына барды. Саяхат аңшылардың көңілді әңгімелерімен, қорыққа саяхатпен, бөгетке және қалаулар үңгіріне дейін 3 км жаяу жүруімен есте қалды.

Екінші кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысу туралы электронды пошта арқылы хабарланады.

DKU өз студенттерінің олимпиадаға қатысуын ұйымдастырғаны үшін Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына үлкен алғысын білдіреді.


Іс-шараны DKU Табиғи ресурстар институты Cay4w-пен бірлесіп, Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) мен Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен, сондай-ақ жаһандық су әріптестігінің @gwp_water және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АзТМЭӘК) @unitednationsescap сараптамалық қолдауымен БҰҰ-ның Алматы қаласындағы ақпараттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу