Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қазақстан-Неміс университеті Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларын қолдайды

Бүгін, 2023 жылғы 01 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Қазақстан-Неміс университетінің президенті профессор Волрад Роммель Мемлекет басшысының Жолдауына өз пікірін білдірді: «Қазақстан Президентінің бүгінгі Жолдауы шын мәнінде елдің даму барысын көрсететін стратегиялық құжат болып табылады. Жолдауда біздің қызметімізге қатысты маңызды мәселелер атап өтілгеніне өте қуаныштымын. ҚР Президенті Жолдауында «Біз жасыл экономиканы дамытуға баса назар аударуымыз керек. Ұзақ мерзімді перспективада таза энергияға жаһандық көшу сөзсіз екені анық. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, жалпы әлемдік күрделі салымдардың үштен бірі қазірдің өзінде жаңартылатын энергетика жобаларына тиесілі".

Осыған қоса, біздің Қазақстан-Неміс университеті Қазақстандағы жасыл экономиканың дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өткім келеді. Биылғы жылы біздің университетіміз Yessenov University-мен бірлесіп, Ақтауда болашақ технологияларын әзірлеуге және Қазақстанда қолданбалы инженерлік білім берудің неміс моделін енгізуге бағытталған тұрақты инженерлік ғылымдардың Қазақстан-Неміс институтын ашты. Бұл институтта Маңғыстауда жасыл сутегі өндіретін зауыт салатын неміс-швед компаниясы SVEVIND үшін мамандар даярланады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне ерекше мән беріп, Қазақстанның IT-елге айналуын стратегиялық маңызды міндет деп атады. Ол осы саладағы білікті мамандарды даярлауға баса назар аудару керектігін атап өтті. Қазақстан-Неміс университеті өз қабырғасында инновациялық IT-мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындап жатқанына қуаныштымын. Біздің түлектер заманның жоғары талаптарына сай болады және Мемлекет басшысы айтқан әділетті Қазақстанның экономикалық дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін».

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-Неміс университетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы бүгінгі Жолдауда айтылған бастамаларды қолдау туралы өз пікірлерін білдірді.

Бөлісу