Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақы 2023

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 40 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2−3 курс студенттері, медициналық жоо үшін бакалавриаттың 2−5 курсы, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:

Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Міндетті құжаттар:

  1. Жеке куәлік көшірмесі;
  2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);
  3. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес).

Қосымша құжаттар:

  1. Ғылыми сертификаттар/дипломдар — 2 сертификаттан көп емес;
  2. Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар — 3 сертификаттан көп емес;
  3. Жарияланымдар — 2 жарияланымнан көп емес.
  4. Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

* Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2023 жылдың 30 қаңтары мен 02 наурыз аралығында қабылданады.

* Өтінімді қабылдау 2023 ж. 02 наурыз Астана қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.

Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.

Бөлісу

Fatal error: Uncaught yii\web\HeadersAlreadySentException: Headers already sent in /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php on line 414. in /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php:366 Stack trace: #0 /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php(339): yii\web\Response->sendHeaders() #1 /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/ErrorHandler.php(135): yii\web\Response->send() #2 /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/base/ErrorHandler.php(262): yii\web\ErrorHandler->renderException(Object(yii\base\ErrorException)) #3 [internal function]: yii\base\ErrorHandler->handleFatalError() #4 {main} thrown in /var/www/vhosts/dku.kz/httpdocs/public/vendor/yiisoft/yii2/web/Response.php on line 366