Thomas Kurze GmbH компаниясынан әлеуметтік шәкіртақыға өтініштер қабылдау жалғасуда
Естеріңізге сала кетейік, DKU серіктесі Thomas Kurze GmbH неміс компаниясынан әлеуметтік атаулы шәкіртақылар алуға конкурс ашылды.
Компания «Халықаралық қатынастар», «Логистика», «Менеджмент» мамандықтарының ағымдағы 1, 2, 3 курс студенттеріне (оқуға түсушілер үшін емес) шәкіртақы бөледі.
- Шәкіртақылар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын студенттерді қолдауға арналған. Өз деректеріңізді кестеде берілген санаттармен салыстыруды сұраймыз.
- Шәкіртақылар оқуға жеңілдік түрінде ұсынылады және 1 академиялық жылға бөлінеді.
Шәкіртақылар саны: 2.
Іріктеу критерийлері:
Шәкіртақыға үміткерлер мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады;
- үлгерім балы 3,5-тен төмен болмауы тиіс (5 балдық бағалау жүйесі бойынша);
- басқа көздерден гранттар/стипендиялар болмауы керек;
- академиялық қарыздары болмауы тиіс.
Білім алушының әлеуметтік жағдайы стипендиаттарды іріктеу кезінде басым болып табылады. Өте жақсы және жақсы оқу үлгерімі шәкіртақы алу мүмкіндігін арттырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- өтініш
- құжаттар тізімі санатқа сәйкес кестеде көрсетілген
Өтінім беру мерзімі: 2021 жылғы 14 тамыз.
Өтініш пен қоса берілген құжаттардың скандарын эл. мекенжайға жіберу қажет: stipendien@dku.kz
Конкурс процедурасы мен іріктеу критерийлері туралы толығырақ ақпаратты «ThomasKurze GmbH неміс компаниясының жеке шәкіртақысын бөлу және тағайындау тәртібі туралы ережеден» таба аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз:
Елена, int_offакаice@dku.kz, Айжан, visa@dku.kz,