Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

6 ақпанда Қазақстан-Неміс университетінің басшылығы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне іскерлік сапармен барды (KazNARU).

Кездесуде ЖОО басшылары су ресурстарын басқару, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ынтымақтастық және бірлескен ғылыми жобалар мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, студенттер-магистранттармен алмасу, қос дипломның бірлескен бағдарламалары және KazNARU профессорлық-оқытушылық құрамын Түркістан қаласында құрылып жатқан Қазақстан-Неміс аграрлық университетінде студенттерді оқытуға тарту мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында DKU президенті профессор Волрад Роммель және KazNARU Басқарма Төрағасы-ректоры, профессор А. К. Күрішбаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бөлісу