Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

«АЛМАТЫ БАЛАFEST 2024» — «JAS GALYM» фестивалі Қазақстан-Неміс университетінде

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған жыл сайынғы «АЛМАТЫ БАЛАFEST 2024» — «JAS GALYM» фестивалі аясында 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан-Неміс университетінде Алматы қаласының 10−11 сынып оқушыларына арналған олимпиада өткізілді.

Бұл фестивальдің мақсаты-балалардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамыту және қолдау үшін қалада жүзеге асырылатын ең жақсы жобалар мен бастамаларды жинау.

Біздің университетке неміс тілі оқытылатын мектептердің оқушылары шақырылды.

6-шы және 10-шы мамырда оқушыларға біздің университеттің білім беру бағдарламалары туралы айтылды, олар оқу зертханаларына барып, өздері зертханалық тәжірибелерге қатыса алды.

Конкурстық жұмыстар үшін оқушыларға екі тақырып ұсынылды: Логистика және Энергетика.

Мамыр айының соңында олимпиада қатысушылары өз жұмыстарын қорғады, содан кейін сарапшылар комиссиясы жеңімпаздарды анықтады. Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен біздің университетте оқуға 75% - ға дейін жеңілдіктер беретін сертификаттар табысталды.

Олимпиада жеңімпаздары Алматы қаласындағы № 68 мектеп оқушылары болды:

  • Зданович Дарья — 1 орын
  • Бровкина Варвара — 1 орын
  • Кали Нурай — 2 орын
  • Калишук Милана — 2 орын
  • Абдуллина Дамели — 3 орын
  • Габитова Малика — 3 орын

Жеңімпаздарды құттықтап, оларға оқуда және ғылымда үлкен жетістіктер тілейміз!

Бөлісу