Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Қазақстандағы ГФР елшісі Ақтаудағы Қазақ-неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институтына іссапармен барды

26 қыркүйекте Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен мен экономика бойынша атташе София Фосс Ақтаудағы Қазақ-неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институтына барды.

Сапар барысында қонақтар институттың қызметімен және білім беру үдерісімен танысты, басшылықпен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

ГФР елшісі Моника Иверсен екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан экономикасын табысты дамыту үшін инженерлік кадрларды кәсіби даярлаудың жоғары қажеттілігін айтты.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бөлісу