Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

DKU өкілі British Council тренингіне қатысты

24−25 ақпанда Әлеуметтік жұмыс және мансап бөлімінің басшысы Саниязова Найля British Council «Higher Education for Employability» бағдарламасы аясында көшпелі тренинг-семинарға қатысты.

Бұл бағдарлама қазақстандық түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін арттыру саласында тәжірибе алмасу мақсатында British Council және еліміздің жоғары оқу орындары арасында ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас құруға бағытталған.

Семинар-тренинг Advance HE-ден келген кәсіби маман Мори Тиббидің қатысуымен өткізілді.

Семинар түлектердің жұмысқа орналасу әлеуетін жүзеге асыруда ЖОО-да кездесетін мәселелерді анықтауға және шешу жолдарын белгілеуге көмектесті. Өткізілген кездесулердің нәтижесі болашақта жоғары оқу орындарының дамуына және студенттер мен түлектердің кәсіби өсуіне ықпал ететін нақты жобалардың тұсаукесері мен талқылануы болды.

Бөлісу