DKU-да Халықаралық күн өтті
18 қараша күні DKU халықаралық күні аясында біздің университеттің жергілікті және халықаралық студенттері Германия мен Орталық Азия аймағының (ОА) өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерімен танысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Герман экономикасы Одағының, Орталық Азиядағы Фридрих Эберт атындағы кордың, сондай-ақ Алматы қаласындағы DAAD ақпараттық орталығының спикерлері қатысты.
Халықаралық күн барысында Германия мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың саяси контексті, сондай-ақ олардың экономикалық өзара
іс-қимылының ерекшеліктері талқыланды.
Студенттер Германияда PhD бағдарламаларында білім алу мүмкіндіктерімен және басқа да халықаралық білім беру, мансаптық және мәдени мүмкіндіктермен жақынырақ таныса алды.
Студенттер кеңесінің өкілдері халықаралық студенттерге StuRA DKU іс-шараларымен таныстырды. Ал Орталық Азия студенттері өз кезегінде өз елдерінің ұлттық ерекшеліктері туралы айтып, іс-шараға қатысушыларға ұлттық тәттілер сыйлады.