DKU-Projekt-Workshop «Halbzeitbilanz»
2018 жылғы 18−19 қарашада Қазақстан-Неміс Университетінде DAAD-мен бірлескен жоба бойынша «Halbzeitbilanz» воркшобы өтті. Аталмыш іс-шараға Германия өкілдері, соның ішінде Қазақстандағы ГФР Елшісі Тило Клиннер, ГФР Бас консулы Йорн Розенберг, Германия Сыртқы істер министрлігінің (АА) және Герман академиялық алмасу қызметінінң өкілдері (DAAD) қатысты.
Іс-шараны Қазақстан-Неміс Университеті және Шмалькалдендегі DKU-Projektstelle Германия СІМ қаражатынан академиялық алмасу бойынша Герман қызметінің (DAAD) қолдауымен ұйымдастырды.
Воркшоптың бірінші күні университеттің инфрақұрылымымен танысуға және студенттермен кездесуге арналды. Ең алдымен қонақтардың нзарына физика, электр техникасы, жаңартылатын энергия көздері және экологиялық химия зертханалары ұсынылды. Одан кейін қонақтар Logcentre-ді, Cisco және Oracle Академиясына барды. Ал бакалавриат пен магистратура студенттері «Die deutsche Hochschule in Kasachstan ist wichtig, weil…» тақырыбына өз жұмыстарын ұсынып, ҚНУ туралы өз пікірлерімен және оқу орнын таңдау уәждерімен бөлісті. Сөз соңында белсенді пікірталас өткізіліп, университет дамуының мәселелері қозғалды. Айта кететін жәйт, қонақтар студенттердің жұмыстарына шынайы қызығушылық танытып, шет тілін білудің жоғары деңгейін, сондай-ақ түрлі ұйымдардың өкілдерімен сындарлы диалог жүргізе білуін бағалады.
Воркшоптың екінші күні жоба жетекшілері қазақстандық және неміс тарапынан жетістіктер мен әлі шешілмеген міндеттер туралы презентациялар жасады. Университет басшылығы университеттің 2025 жылға дейін даму стратегиясын ұсынды. Сонымен қатар, ҚНУ-дың күшті және әлсіз жақтарының талдауы берілді. Отырыс барысында ҚНУ-дың құрылымдық бөлімшелерімен және олардың жұмысымен танысуы өткізілді. Назарбаев даңғылындағы 2 корпустың орталық холлында Экономика ғылымдарының факультеті, Инженерлік-экономикалық ғылымдар факультеті, Әлеуметтік және саяси ғылымдар факультеті, Тіл орталығы, Мансап орталығы, Халықаралық кеңсе, Табиғи ресурстар институты, Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу институты, Logcentre сияқты бөлімшелер, сондай-ақ университеттің ғылыми жобалары ұсынылды. Қонақтар департамент басшыларына сұрақтар қойып, болашақтағы жоспарлары мен жетістіктеріне қызығушылық білдірді.
Осылайша, іс-шара қонақтарға университетпен жақынырақ танысуға, оны тек сыртқы жағынан ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен студенттердің көзімен көруге мүмкіндік берді.