Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Германия делегациясы ҚНУ-ға келді

2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан-Неміс Университетінде ГФР Мемлекеттік хатшысы Нилсон Анн, Германияның Бас консулы Йорг Розенберг, Флориант Лйтнер мырза және Гончарова Вероника ханыммен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында неміс делегациясы ҚНУ-мен, оңың тарихымен, факультеттері мен зерттеу орталықтарымен танысты. Келіссөздер барысында Қазқстан мен Германия арасындағы аймақтық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту керектігі және осы ретте ҚНУ маңызды рөл атқарытыны атап өтілді.ҚНУ Германияға тығым қарым-қатынаста екенін ескере отыра, оның болашақтағы мақсаты Германия біздің елімізде жақсы беделге ие болуын жалғастыру. ҚНУ өз тарапынан интернационалдандыру мен цифрландыру университетті дамыту үшін басым бағыттар болатынын және университет осы бағыттарға сәйкес кәсіби мамандарды дайындау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынын атап өтті. Сонымен қатар, неміс тарапы Барбара Януш-Павлеттаның басшылығымен Табиғи ресурстар институтының оң дамуын және оның су ресурстары саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан маңызды үлесін атап өтті.

Германия делегациясы Су ресурстары тақырыбын Еуропалық одақтың жаңа Орталық Азия стратегиясына енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ осы тұрғыда ҚНУ су ресурстары саласында үлкен тәжірибе мен білімге ие екендігін атап өтті, бұл оған маңызды рөл атқаруды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу