ҚНУ-да Орысша сығымдап көтеру бойынша жарыстар өтті
2019 ж. 15 наурызда «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенінде «Наурыз» мерекесіне арналған Орысша сығымдап көтеру жарысы өтті.
Орысша сығымдап көтеру бойынша ҚНУ чемпионы атағы үшін (көлденең орындықта жатып зілтемірді көтеру) 1 курс студенттері күресті.
Жарысқа қатысушылар белгіленген ережелерге сәйкес зілтемірді 35 кг көтерді. Жарыс ережесі бойынша «Атлетизм формуласы» есептеледі: зілтемір салмағы қайталану санына көбейтіледі және спортшының салмағына бөлінеді. Бұл мән «Атлетизм коэффициенті" (АК) деп аталады. Ең жоғары «Атлетизм коэффициенті" бойынша барлық орындар бөлінеді.
- АК (атлетизм коэффициенті) нәтижесімен 1-орынды 27,1% 1 курс студенті Пиуновский Илья иеленді. Энергетикалық және экологиялық техника
- АК (атлетизм коэффициенті) нәтижесімен 2-орынды 18,9% 1 курс студенті Камбеков Заңгар иеленді, ИЭҒФ, маманд. Экономикадағы ақпараттық инжиниринг
- АК (атлетизм коэффициенті) нәтижесімен 3-орынды 17,7% 1 курс студенті Кензин Тимур иеленді. Маркетинг
Жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Біз барлық қатысушыларды құттықтаймыз және мықты денсаулық және оқуда табыс тілейміз!
Бөлісу
Твитнуть
Бөлісу