КИМЕП-пен келісім-шартқа қол қою
26 ақпанда өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
«Алматыдағы Қазақстан-Неміс университеті" ББМ және «КИМЭП университеті" КЕАҚ Келісім шартқа президент/ректор Ласло Унгвари және Бэнг атындағы бизнес факультетінің деканы, PhD Джей Ли (Jay Y. Lee) қол қойды.
Қол қою рәсіміне: ҒЗИ DKU директоры, ҚазҰАУ академигі, э.ғ.д. Болат Хусаинов, DKU президенті/ректорының референті, ф. ғ. к. Мереке Танкибаева, КИМЭП-тың Бэнг атындағы бизнес факультеті деканының орынбасары, PhD Балжан Жүсіпова және Бэнг атындағы бизнес факультеті зерттеу орталығының директоры PhD Деван МД. Ислам қатысты.
Ынтымақтастық бағыттары:
— Экономика, ақпараттық жүйелер, логистика, менеджмент, іскерлік әкімшілік, бизнес білім беру.
— Бірлескен зерттеу қызметі, оның ішінде мемлекеттік, халықаралық және жеке қорлар мен ұйымдар жариялайтын гранттарға қатысу.
— Бірлескен ұйымдастырылған курстарды өткізу үшін оқытушылармен алмасу.
— Екі Тараппен келісілген білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың өзге де нысандары.