Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Магистратураға түсушілер үшін кешенді тестілеуге құжаттарды тапсырудың жаңа мерзімдері

Магистратураға түсушілер үшін кешенді тестілеуге (КТ) құжаттарды тапсырудың жаңа мерзімдері туралы хабарлаймыз.

Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жалғасады.

Кешенді тестілеу 2020 жылғы 1−15 тамыз аралығында өткізіледі.

КТ тұрады:

  • шет тілінен тест (таңдау бойынша ағылшын, француз, неміс тілдері)
  • білім беру бағдарламалары тобының профилі бойынша тест
  • оқуға дайындығын анықтайтын тест

DKU білім беру бағдарламаларына арналған бейіндік пәндер:

Білім беру бағдарламасының топ нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Бейіндік пәндер

Бірінші бейіндік пән

Екінші бейіндік пән

M072

Менеджмент және басқару

Менеджмент

Бизнесті ұйымдастыру

M074

Қаржы, банк және сақтандыру ісі

Экономикалық теория

Макроэкономика

M152

Логистика (салалар бойынша)

Жеткізу тізбегін басқару

Көліктік логистика

Кешенді тестілеуге тіркелу үшін құжаттар тізімі:

  • үлгі бойынша өтініш (мына жерде);
  • жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  • 3x4 см өлшемімен алты фотосурет;
  • 086-У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттама;
  • тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртек, қатысу құны 8 292 теңге.

Төлеу үшін деректемелер:

РГКП «Национальный центр тестирования» МОН РК
010011 г. Нур-Султан, пр. Победы, 60
РНН 600300086081, БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК HSBKKZKX, КБЕ 16
АО «Народный банк Казахстана.

Квитанцияларда «Магистратура мен докторантураға сынама онлайн тестілеу үшін ақы төлеу» деп көрсету қажет.

Барлық сұрақтар бойынша DKU қабылдау комиссиясына жолығуыңызға болады: +7 727 355 05 51, ішкі 924, 327, 231 және 229 немесе +7 778 313 17 95 (WhatsApp).

Бөлісу