«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XVI Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференция
Қазақстан-Неміс Университеті 2024 жылдың 1-ші сәуір күні «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕР: ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮШІН ҚАТЕРЛЕР МЕН ТӘУЕКЕЛДЕР» тақырыбына арналған XVI Жыл сайынғы халықаралық студенттік ғылыми конференцияны өткізеді. Конференция онлайн режимінде өтеді.
Қазіргі қоғамның дамуы геосаясат, қаржылық және энергетикалық тұрақсыздықтарға, азық-түлік, экологиялық жэне ақпараттық қауіпсіздікке, ғылыми-техникалық жэне технологиялық бәсекелестік үрдістеріне байланысты үлкен өзгерістер мен жаңа жаһандық тәуекелдер үстінде.
Студенттер мен магистранттарды біздің конференцияда баяндама жасап, белсенділік танытуға шақырамыз!
Ғылыми конференция төмендегі алты бағыт бойыншы өтеді:
- Секция I Қазіргі жағдайдағы халықаралық қатынастар: жаңа мүмкіндіктер мен шектеулер".Жауапты: Кислова Алла-магистр, оқытушы. Байланыс: assistantfmp@dku.kz
- Секция II «Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының заманауи тенденциялары». Жауапты: Першина Ирина, аға оқытушы. Байланыстар: pershina@dku.kz
- Секция III «Логистикадағы технологиялық трендтер: автоматтандыру ойынды қалай өзгертеді". Жауапты: Алипова Алима — магистр, Лог. орталығының үйлестірушісі. Байланыстар: alipova@dku.kz
- Секция IV «Сандық технологиялар және инновациялар». Жауапты: Турсынбек Ерлан — магистр, оқытушы. Байланыстар: tursynbek@dku.kz
- Секция V «Энергияны үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздері: жағдайы, мәселелері және болашағы». Жауапты: Шавдинова Мадина — магистр, аға оқытушы. Байланыстар: shavdinova@dku.kz
- Секция VI «Қазіргі заманғы цифрлық білім беру: тенденциялар, жағдайлар, перспективалар». Жауапты: Куценко Илья — магистр, аға оқытушы. Байланыстар: kutsenko@dku.kz
Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Қазахстан-Неміс университеті, Назарбаев даңғылы, 173 (https://go.2gis.com/w41jm2)
Конференцияның ашылуы: 10:00.
Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша, немісше
Қатысу шарттарын, тіркеу формасын, ғылыми мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарды профиль қақпағынан осында табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша DKU -дың Ғылым және инновациялық зерттеулер бөліміне хабарласыңыздар. Байланыс түрі: arimbekova@dku.kz, +7 (727)3550551 (ішкі № 234).