Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Eurasia Energy (Svevind Energy Group еншілес кәсіпорны) Қазақстан-Неміс университетіне 30 000 еуро сомасындағы демеушілік сертификатын табыс етті

«Eurasia Energy» ЖШС атқарушы директоры Ольга Горевая Қазақстан-Неміс университетінің президенті, профессор Волрад Роммельге демеушілік қаржыландыру туралы сертификат табыс етті. Бұл қаражат Ақтаудағы Yessenov University базасында құрылған Қазақстан-Неміс орнықты инженерлік ғылымдар институтында оқыту бағдарламаларын қолдауға және дамытуға бағытталатын болады.

Hyrasia Energy Маңғыстау облысында жасыл сутегі өндірісі саласындағы ірі жобаны іске асырумен айналысады. Бұл болашақта жоғары білікті техниктерді қажет ететін инновациялық озық жоба.

Профессор Волрад Роммель мырза Горевая ханымға алғысын білдіріп, Hyrasia One сияқты ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін жоғары білікті инженер-техниктерді даярлау және ұзақ мерзімді жоспарлау өте маңызды екенін атап өтті. Ақтау қаласындағы Қазақстан-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институты осы жоба үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге дайын.

Қазіргі уақытта Қазақстан-Неміс тұрақты инженерлік ғылымдар институтында 44 студент оқиды. 2024 оқу жылында қосымша 2 бакалавриат және 2 магистратура бағдарламасын ашу жоспарлануда. Жалпы, 2032 жылға дейін институт 1000-ға жуық маман шығаруды жоспарлап отыр.

Бөлісу