Шрифт өлшемі:

Түс схемасы:

Түркістанда Қазақ-Неміс аграрлық университетін құру туралы келіссөздер жүргізілді

Қазақ-Неміс университетінің президенті, профессор Волрад Роммель Түркістан облысына іссапармен барып, облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті.

Тараптар Түркістан қаласында Қазақ-Неміс аграрлық университетінің ашылуына байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Бұл Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы саласында мамандар даярлайтын алғашқы неміс жоғары оқу орны болмақ.

Түркістан облысы дамыған аграрлық аймақ болып табылады, ол жастар саны бойынша республика көшбасшыларының қатарында. Аграрлық университеттің ашылуы өңірді дамытудың басты басымдықтарының бірі және әкімдік болашақ білім беру мекемесін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Кездесуде профессор Вольрад Роммель Қазақ-Неміс университетінің даму стратегиясы туралы, оның Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жобалары туралы айтып, сондай-ақ қазақстандық және неміс компаниялары үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа оқу орны алдымен Қазақ-Неміс университетінің (DKU) филиалы ретінде ашылады, ал болашақта жеке университетке айналады. Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарды және қолданбалы информатика мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, студенттерге білім беруге Германияның профессорлары мен доценттері шақырылатын болады. Студенттер Германияда оқуын жалғастырып, Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ірі өндірістерде және Германияның өндірістік қуаттарында тәжірибелік практика өте алады.

Бөлісу